Алматыда танымал блогердің көлігімен қауіпті трюк жасаған 22 жастағы жігіт мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы маңында танымал блогер әрі кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігін алып, одан секіріп өтпек болған жас жігіт мерт болды.

Денсаулық
Фото: otyrar.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 29 қазан күні Ақсай ауылындағы «Сокол» автодромының аумағында бейнеролик үшін трюк орындау кезінде 22 жастағы жас жігіт 45 жастағы жүргізуші басқарған көліктің астына түскен.

- Нәтижесінде жәбірленуші аудандық ауруханаға жатқызылды, онда 30 қазан күні есін жимастан жан тапсырды. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Дөң кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып, екі жұмысшы көз жұмғанын жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар