18:32, 05 Қараша 2024 | GMT +5
Алматыда тауық етінің бағасын қымбаттатуға тыйым салынды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін «Алматы» ӘКК» АҚ «Алатау-құс» АҚ құс фабрикасымен қарыз шартын жасады.
Келісім аясында қалада өндірушінің тауық етінің бағасы бекітілетін болды. «Алатау-құс» АҚ фирмалық дүкендерінің сөрелеріндегі және Алматыдағы үйдің жанындағы дүкендердегі өнімнің бір келісі 1 100 теңгеден аспайды. Келісілген шарт бойынша жалпы көлемі 1818 тонна. Тұрақтандыру кезеңі 24 ай.
Өнімдерді сату нүктелерінің мекенжайларын almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.
Осыған дейін жыл басынан бері ет және ет өнімдерінің бағасы 3,6% көтерілгені туралы жазған едік.
Еске салайық, Алматыда жұмыртқаның шекті бағасы бекітілген болатын.