Алматы тауларында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Бутаков сарқырамасы маңында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды. 

Алматыда тауларында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды
Фото: pexels

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда «102» қызметіне марқұмның туысы хабарласып, қыздың таулы аймаққа сноуборд тебуге кеткенін және содан кейін байланысқа шықпағанын айтқан.

Ақпарат түсе салысымен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының жедел штабы құрылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Бутаков сарқырамасы ауданынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін марқұмның жеке басы түпкілікті анықталады.

Іздеу жұмыстарына барлығы 73 адам, 10 техника бірлігі, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп тартылды.

Айта кетелік Риддерде қарда жүретін техникамен тауға кетіп адасқан 9 адам құтқарылған еді

Соңғы жаңалықтар