Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жер сілкінісі, су тасқыны, сел жүру және лай, қар көшкіні сияқты түрлі табиғи және техногендік қауіп төніп тұр.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: Алматы ТЖД

Көшкін қандай: оның қауіп мен салдары

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Рахман Кәрімжанның айтуынша, Алматы өзінің географиялық жағдайына байланысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әртүрлі түріне ұшырайды.Дегенмен, геологиялық құбылыстарға ең осал таулы және тау бөктеріндегі аймақтарға ерекше назар аудару керек.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: видеодан алынған скрин

— Тәжірибе көрсеткендей, көшкіндер маусымдық құбылыстарға қарамастан жүреді.Олардың пайда болуына жауын-шашынның көп мөлшерінің түсуі нәтижесінде қалыптасқан беткей ағысы мен сел ағыны, ретсіз салынған құрылыс, ағаштардың кесілуі, топырақтың ылғалдануы сияқты антропогендік факторлар әсер етеді. Жауын суына арналған канализацияның болмауы және сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлар, - деді ол.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: Алматы ТЖД

Соңғы бірнеше онжылдықта Алматы маңындағы Іле Алатаудың етегі түгел дерлік саяжай және коттедж құрылысы үшін қарқынды игерілді. Тік беткейлерде тұрғын үйлермен интенсивті суару тәсілін қолданатын бау-бақша шаруашылығы жетіп артылады.

Қабылданған шаралар

Құтқарушы көшкін қаупін азайту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді. 2016-2023 жылдар аралығында 18 қауіпті учаскеде жүргізілген нығайту жұмыстарының арқасында бұл аумақтардағы көшкін қаупін толығымен жоюға мүмкіндік туды.

— Департамент 2024 жылы «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі және аудан әкімдіктерінің мамандарымен бірлесіп, қаланың көшкін қаупі бар аймақтарына комиссиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде көшкін жүру қаупі бар 180 аумақ анықталды, - деп атап өтті спикер.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: Алматы ТЖД

Сондықтан 2025-2027 жылдар аралығында көшкін қаупі картасын құрастыра отырып, аталған аумақтарды кезең кезеңімен паспорттау жоспарда.

— Сонымен бірге, қауіптілігі жоғары 14 учаскеде қажетті күшейту жұмыстары, соның ішінде нөсер ағындарын орнату жұмыстары басталды, - деп қосты ол.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: видеодан алынған скрин

Олимпиский көшесіндегі көшкін

Алматыдағы Олимпиский көшесінде болған лай көшкінінің зардаптарын жою жұмыстары жүргізілді. Ең алдымен,еңістік аумағы қоқыстан тазартылды, темірбетон және габион құрылғылары орнатылды, беткейлерді нығайту үшін керегелі-торлы жүйе тартылды.Бұдан бөлек, дренаждық құбырлар, арық жүйесі мен құдықтар орнатылады. Қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындарға үнпарақтар мен хабарламалар таратылып, жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: видеодан алынған скрин

Таудағы құрылыстарға тыйым салу

Шенеуніктердің айтуынша, көшкін қаупіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары ұзақ мерзімді сипатқа ие. Осыған байланысты заңнамалық актілерге таулы аймақтарда, оның ішінде 15 градустан асатын беткейлерде және одан жоғары учаскелерде құрылыс жүргізуге тыйым салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу пысықталып жатыр.

Алматыда техногендік сипатта қауіпті 180 аймақ бар
Фото: видеодан алынған скрин

Сондай-ақ ықтимал көшкін процестерін болжау мақсатында көшкін қаупін бақылаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл қауіпті аймақтардағы өзгерістерді қадағалауға және көшкінді болжауға мүмкіндік береді.

Былтыр ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық филиалы, шаһарда 145 қауіпті аумақ барын мәлімдеген еді. 

Сел тасқыны қаупі бойынша Алматы қаласы маңында 51 мореналық көл бар, оның ішінде14 көл өте қауіпті саналады.

Жыл сайын қала аумағында «Қазселденқорғау» ММ Алматы қалалық филиалы аса қауіпті көлдерді босату бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Еске салайық, былтыр 8 ақпан күні Медеу ауданының «Тау самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Кейін қираған үй астында қалған 3 адамның денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар