14:00, 19 Тамыз 2025 | GMT +5
Алматыда тоқ соққан кішкентай қыздың жағдайы белгілі болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда тұрғын үй ауласында баланы тоқ соқты.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен қыз Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілген. Қазір жағдайы орташа ауырлықта.
— Бала әуелде реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Кейін бейінді күйік бөліміне ауыстырылды. Жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасына сәйкес толық көлемде ем қабылдап жатыр, — делінген басқарма жауабында.
Еске салайық, бұл дерек бойынша Әуезов ауданына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіліп жатыр.