00:00, 01 Маусым 2025 | GMT +5
Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы мерекелік іс-шараларға байланысты кей көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалалық BALAFEST балалар фестивалін өткізуге байланысты Төле би көшесі Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейін осы жылдың 1 маусымында сағат 9:00–ден 15:00–ге дейін шығыс бағытта жабылады. Батыс бағытта көлік қозғалысы шектелмейді.
Бұған дейін Алматыда 1 маусым күні қайда баруға болатынын жазғанбыз.
Еске салайық, ертең балаларға метро тегін болады.