Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі үш күнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 

ремонт дорог, жол жөндеу
Фото: Александр Павский / Kazinform

Алматы әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, 15 тамыздан 18 тамызға дейін қатарынан үш түн бойы, сағат 22:00–ден 6:00–ге дейін, Қайырбеков көшесінен бастап Шығыс айналмалы автожолына дейінгі аумақта көлік қозғалысы тоқтатылады.

— Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда бірнеше көше бір аптаға уақытша жабылатынын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар
Референдум