Алматыда топырақ көшіп, өзен арнасын жартылай жауып тастады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін Алматы қаласының Түрксіб ауданында батпақтану салдарынан көлемі 30 текше метр үйінді топырақ түсіп, Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылды.

өзен
Фото: Kazinform

«22 мамырда Түрксіб ауданы аумағында Волочаевская көшесінің бойында көлемі 30 текше метр топырақ түсіп, өзен арнасын жартылай жауып қалды. Қазіргі уақытта құтқару қызметі тазарту жұмыстарын жүргізуде», - дейді : Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Ерасыл Жолдыбаев.

Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын

Сондай-ақ Алматы облысының Қарасай ауданында «Ақсай» бөгетіне таяу жерде 3,5 текше метр топырақ опырылып түскені туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар