Алматыда трансформатор өртенді
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, өрт бүгін таңғы сағат 07:36 шамасында шыққан.
«Бостандық ауданы, Желтоқсан көшесі, 185/1 мекенжайында орналасқан трансформатордың қосалқы станциясы өртенді. Өрт сөндірушілер шұғыл нысанды электр қуатынан ажыратып, өртті жою шарасын қабылдады. Ауа-механикалық көбікті қолданған мамандар қызыл жалынды толығымен сөндірді», - деп хабарлады департаменттен.
Өрт 10 шаршы метр жерді шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.
Осыған дейін Алматының орталығында орналасқан «Чечил» мейрамханасы өртенген еді.