Алматыда тіркелген мопедтер саны 100-ден асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енеді.

Мопедтер
Фото: Видеодан алынған кадр

5 сәуірден бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

- Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі жағдай бойынша барлығы 140 мопед тіркелді», - деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Сонымен қатар әкімшілік полицияның мәліметінше, экстерриториалдық қағидат бойынша қала сыртында жүретін 39 мопед тіркелген.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда алғашқы мопед тіркеліп, нөмір алғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар