Алматыда троллейбус жолдан шығып кетті

Алматы
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Алматыда жолдан шығып, ағашты соққан троллейбустың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Kazinform. 

Видеодағы жазбада жол апаты Тимирязева көшесінде болғаны жазылған. Видеодан троллейбустың жолдан қалай шығып кеткені көруге болады.

Алматы қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі жол апаты қаланың Бостандық ауданында бүгін сағат 14:10-да болғанын хабарлады.

«Троллейбус пен Lexus маркалы жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол апаты салдарынан зардап шеккендер болған жоқ. Аталмыш деректі Бостандық ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар