Алматыда туысын көшеде пышақтап өлтірген ер адам ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда кісі өлтірген ер адам ұсталды.

Алматыда туысын көшеде пышақтап өлтірген ер адам ұсталды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желідегі мәліметке сәйкес, күдікті мен оның қайын атасы арасында жанжал туып, ол туысына бірнеше рет пышақ сұққан.

Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

— Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобус ішінде егде жастағы азаматты ұрған адам ұсталды.

Соңғы жаңалықтар