Алматыда тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар саны артты

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда бір аптада 18 524 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған (ЖРВИ).

2,4 млн қазақстандық ЖРВИ-мен ауырды
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте ЖРВИ сырқаттанушылық бойынша маусымдық көтерілу байқалады.

– Бір аптада жедел респираторлық вирустық инфекцияның 18 524 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші — 808,02. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға төмен, бірақ алдыңғы аптамен салыстырғанда 28,5%-ға жоғары (13 244 жағдай).

Жаңа эпидемиялық маусым басталғалы 263 084 жіті респираторлық вирустық инфекция жағдайы тіркелді.

– Қараша айының ортасынан бері тұмаудың 106 расталған жағдайы тіркелді. Оның 96- сы А/H1N1 типті. Қалған 10 науқаста тұмаудың В түрі анықталған. Барлық пациентке емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық, — дейді Әсел Қалықова.

Айтуынша, қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр.

Алматыда метапневмовирус ауруы тіркелмеді

Қазір метапневмовирусқа қарсы арнайы вакцина жоқ.

Соңғы жаңалықтар