Алматыда тұрғын үй ауласында жаппай төбелес болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Алатау ауданында бір топ адам арасында жанжал болды. Әлеуметтік желіде оқиғаның бейнежазбасы тарады. Ондағы мәліметке сәйкес, төбелес «Каспий» тұрғын үй кешенінде болған.

төбелес
Фото: Pixabay

Қалалық полиция департаменті жанжалға қатысқан күдіктілер ұсталғанын хабарлады. Алатау аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

— Оқиғаға қатысқан 6 адамның барлығы анықталып, ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Мұндай әрекеттер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін өрескел бұзады, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде жөспірімдер жанжал шығарды. Сондықтан балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Ал жасөспірімдердің өздері профилактикалық есепке алынды.

Соңғы жаңалықтар