Алматыда туристердің саны рекордтық деңгейге жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2024 жылы Алматыда туризм саласына салынған инвестиция 110,9 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Алматыда туристердің саны рекордтық деңгейге жетті
Фото: Алматы әкімдігі

Барлығы 35 жаңа орналастыру нысаны ашылды (20 қонақ үй, 4 глэмпинг, 8 хостел және 3 қонақ жай), бұл 836 бөлменің қосылуына мүмкіндік берді.

Саланың салық түсімі екі есеге жуық өсіп, 90,7 млрд теңге болды. 100 км тау бағыты көркейтіліп, 450 инфрақұрылым нысаны мен 13 кемпинг аймағы орнатылды.

«Көктөбе» саябағында жаңа «Денсаулық соқпағы» ашылса, «Медеу» мұз айдыны маңында бақылау алаңдары, дүрбілер мен камералар орнатылды. Горельник визит-орталығына апаратын «Жұмбақ жол» маршруты іске қосылды. 2025 жылы тағы 10 маршрут пен 3 кемпинг аймағын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, «Целинный» заманауи мәдениет орталығы мен Almaty Museum of Arts ашылады.

2024 жылы қалаға 2,34 млн турист келген, оның 686 мыңы шетелдік, бұл рекордтық көрсеткіш. Көбіне туристер Ресей, Үндістан, Қытай, АҚШ және Түркиядан келген. 

Айта кетелік биыл Алматыға 750 мыңға жуық шетелдік турист келеді деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар