Алматыда туристерге арналған ресми гастрогид ұсынылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жаңа гидте қала қонақтары үшін 140-тан астам тамақтану орны мен гастрономиялық бағыт қамтылған.

В Алматы выпустили гастрономический гид города
Фото: Гидтен скрин

Алматы әкімдігінің мәліметінше, туристер арасында гастрономияның танымалдығы артып келе жатқанына қарамастан, шаһарда гастрономиялық бағытта қызмет көрсететін гидтер жоқтың қасы. Осыған байланысты Almaty Tourism бюросы арнайы гастрономиялық гид әзірлеген.

В Алматы выпустили гастрономический гид города
Фото: Гидтен скрин

Гид бірнеше тақырыптық бағытты қамтиды. Атап айтқанда:

— «Классикалық тур» — Алматының тарихын тағамдар арқылы таныстырады.
— «Дәстүрлі гид» — қазақ ұлттық тағамдарына танып-білуге мүмкіндік береді.
— «Мультимәдени гид» — ас мәзірі арқылы еліміздің мәдени алуан түрлілігін көрсетеді.
— «Тау мен гастрономия» — белсенді демалыста татып көруге тұрарлық дәм топтасын ұсынады.

В Алматы выпустили гастрономический гид города
Фото: Гидтен скрин

Сонымен қатар «Инстаграмбл-маршрут» көркем локацияларды, ал Art& Eat өнерге бағытталған орындарды таныстырады. Жоба үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалған. Гидтің баспа нұсқасы туристерге таратылмақ, ал ағылшын тіліндегі нұсқасы шекаралық бақылау пункттерінде және туристік ақпараттық орталықтарда қолжетімді болады.

В Алматы выпустили гастрономический гид города
Фото: Гидтен скрин

Еске салайық, былтыр Алматыда халықаралық Almaty Food Fest 2024 фестивалі өткен болатын. Оған 15 мыңнан астам адам келді.

Соңғы жаңалықтар