20:54, 30 Шілде 2025 | GMT +5
Алматыда университет ғимаратынан студент құлап, көз жұмды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда биіктен құлаған студент қыз көз жұмды.

Желідегі мәліметке сәйкес, 1-курс студенті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоратының ғимаратында 14-қабаттан секірген.
Алматы қаласының полиция департаменті бұл дерек растап, қылмыстық іс қозғады.
— Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға тұрмыстық себептер түрткі болған. Азаматтардан жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда әйел жоғары қабаттан құлап, мерт болды.