Алматыда ұсталған шекара қызметінің подполковнигі сотталды

АЛМАТЫ — KAZINFORM. Алматыда шекара қызметінің подполковнигі былтыр көктемде кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасауға талпынды деген күдікпен ұсталды. 

Алматыда ұсталған шекара қызметінің подполковнигі сотталды
Фото: Pixabay.com

2024 жылғы наурызда әлеуметтік желілерде шекаралық бөлім офицерінің ұсталғаны және оның педофилияға қатысуы болуы мүмкін деген ақпарат тарады

Сол кезде Алматы полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған еді.

Іс қаралып, сот үкімі шыққаны белгілі болды.

— 2024 жылғы 29 тамыздағы сот үкімімен азамат К. жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сотталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабына сәйкес іс жабық сот отырысында қаралды. Үкім заңды күшіне енді, — деп мәлімдеді агенттік сауалына жауап берген Бас әскери прокурордың орынбасары Ілияс Сағатов.

Подполковниктің нақты қандай баптар бойынша және қанша мерзімге сотталғаны ресми түрде жария етілмеген. Алайда бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желіде арнайы ауданаралық әскери соттың үкімімен ол 13 жылға бас бостандығынан айырылғаны айтылып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум