Алматыда үстіне ағаш құлаған қыз мерт болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан қыздың үстіне ағаш құлады.

Алматыда үстіне ағаш құлаған қыз мерт болды
Фото: almaty.suntimes

Желідегі мәліметке сәйкес, Қайғылы оқиға Әди Шәріпов көшесі мен Қарасай батыр көшесінің қиылысында болған. Жұмыстан кофе алуға шығып, қайтып келе жатқан кезде үстіне ағаш құлаған. Ол алған жарақаттарынан жан тапсырды.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі растап, тергеу жұмыстарын бастады.

- Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады полициядан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында дауыл кезінде ағаш құлап, ер адам мерт болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар