Алматыда ветеринарлық қызмет директоры сотталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 аудандық соты «Қалалық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК директоры М. Жүнісовке және осы кәсіпорынның мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Р. Жапарханға қатысты үкім шығарды.
— Олар жануарлардың обасын анықтау үшін тест-жүйелерді нақты жеткізбестен сатып алуға арналған ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Оларға орташа қауіпсіздік мекемелерінде өтеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, — деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінен.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Гүлмира Сатыбалдының соты басталғанын жазғанбыз. Сондай-ақ аталмыш сот отырысында жәбірленуші куәлік бергенін жазған едік.