Алматыда WS Community Day Central Asia 2025 форумы өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Жастар - технологияны тұтынушы ғана емес оны жасайтын ұрпақ. Мұндай пікірді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтіп жатқан AWS Community Day Central Asia 2025 атты ауқымды өңірлік іс-шарада аталған университеттің проректоры Марғұлан Ибраимов білдірді.

Алматыда WS Community Day Central Asia 2025 форумы өтіп жатыр
Фото: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Форумның ашылу салтанатында өз сөйлеген ол мұндай бастамалардың маңызын атап өтті.

- Бүгінгі жастар - технологияны тұтынушы ғана емес, сонымен қатар оны жасайтын ұрпақ. AWS Community Day сияқты шаралар – студенттер, сала мамандары тәжірибе алмасып, Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның цифрлық болашағын қалыптастыратын маңызды алаң», – деді проректор.

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы ресми AWS қауымдастықтарының жетекшілері ұйымдастырып жатқан форум барысында қатысушылар нақты жобалар мысалында бұлтты шешімдерді құру тәжірибесін талқылап, цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, DevOps, машиналық оқыту, автоматтандыру және киберқауіпсіздік салаларындағы заманауи әдістермен танысты. Іс-шараның ерекше қызығушылық тудырған сессиялардың бірі – нақты жобалар архитектурасын талдау және жіберілген қателіктер туралы ашық пікірталастар. Практикалық шеберлік- сыныптарда қатысушылар теорияны тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігіне ие болды.

Форум бағдарламасының ең маңызды бөлігі – AWS GameDay командалық жарыс барысында қатысушылар нақты өмірлік жағдайларға ұқсас инженерлік тапсырмаларды шешіп, командалық жұмыс пен шынайы тәжірибе арқылы білімдерін жетілдірді.

Халықаралық алқалы жиынға AWS Heroes, Community Builders сарапшылары мен Канада, Германия, Испания, Қазақстан және Өзбекстаннан келген арнайы қонақтар қатысып, инженерлер, архитектура мамандары, стартап өкілдері, студенттер мен ІТ-сала көшбасшылары бас қосты.

Осыған дейін қазақстандықтардың тегін ЖИ-заңгер көмегіне жүгіне алатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар