Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы полициясы «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр. 

Алматыда заңсыз айналымнан жарты тоннадан астам пиротехника тәркіленді
Фото: Алматы полициясы

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазірге дейін пиротехникалық өнімдерді заңсыз сатудың 52 дерегі анықталды. Тексеру нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 510 келі болатын 167 қорап пиротехника тәркіленіп, бұл деректер бойынша 52 әкімшілік іс қозғалды.

— Өткізіліп жатқан іс-шаралардың негізгі мақсаты — жарақат алу мен өрт шығу қаупінің алдын алу, сондай-ақ жаппай және мерекелік іс-шаралар кезеңінде азаматтардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, — деді ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда пиротехниканың заңсыз сатылымы тексеріліп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар