Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда заңсыз салынған құрылыстарды анықтау және жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, бұған дейін Төле би көшесі, 293/1 мекенжайында ортақ пайдаланылатын аумақта заңсыз нысан анықталған. Онда қоғамдық тамақтану қызметі көрсетілген.

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

— Тексеру барысында құрылыс заң талаптарына сәйкес келмейтіні белгілі болғаннан кейін Қала құрылысын бақылау басқармасы инспекторлары нысан иесіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құрылысты қолданыстағы нормаларға сәйкестендіру қажеттігін жеткізді, — делінген хабарламада.

Меншік иесі заңсыз нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтарды құрылыс жұмыстарын бастамас бұрын барлық қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеуге және қала құрылысы талаптарын қатаң сақтауға үндеді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы Қажымұқан көшесі, 34 мекенжайында орналасқан азық-түлік дүкеніне қосымша салынған нысан бұзылғанын хабарлаған едік.