Алматыда заңсыз сақталған қару тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда полиция қызметкерлері тіркелмеген қаруды тәркіледі. 

Алматыда заңсыз сақталған қару тәркіленді
Фото: Видеодан алынған скрин

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері Алатау ауданының тұрғынында тіркелмеген қарудың болуы мүмкін екені туралы ақпарат алған. Тексеру нәтижесінде бұл дерек расталып, қару тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

— «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика көлемінде жүргізіліп жатыр. Оның мақсаты — заңсыз сақталған қаруды тәркілеу, құқық бұзушылықтардың және қайғылы жағдайлардың алдын алу. Алматы полициясы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарды қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастырады, — деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараев.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар