Алматыда заңсыз салынған базар бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сот шешімімен Рысқұлов даңғылы, 420 мекенжайында орналасқан «Үміт» базары бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері айтты.

бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесіне тиісті құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою жөнінде нұсқама берілген.

базар
Фото: Алматы әкімдігі

– 2025 жылғы 22 шілдеде басқарма аталған нысанды бұзу туралы талап-арызды Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолдады. 2025 жылғы 27 тамызда сот басқарманың талабын қанағаттандырды, - делінген хабарламада.

Сот шешімін орындау аясында меншік иесі ғимаратты өз еркімен бұзуды бастады.

базар
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылып жатқанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар