Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны бұзылды

  АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда заңсыз салынған кезекті көлік жуу орны бұзылды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім етті.

Алматыда заңсыз салынған көлік жуу нысаны бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлім еткендей, Сот шешімімен Жуков көшесі мен Затаевич көшесінің орналасқан көлік жуу орны сүрілді.

— Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы меншік иесі рұқсатсыз шаруашылық әдіспен көлік жуу орнын салғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан болатын. Кейін сотқа заңсыз тұрғызылған нысанды бұзуға талап арыз түсірді, — деп атап өтті басқармадан.

Сот шешімімен нысан заңсыз деп танылып, талап-арыз қанағаттандырылды.

Оны бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен жүргізілді.

Еске салайық, 2022 жылдың басынан 2025 жылдың мамырына дейін мегаполисте рұқсатсыз салынған 88 нысан толығымен немесе жартылай бұзылды

Осыған дейін Алматыда құрылыс нысандарына бақылау күшейтілетіні туралы жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар