Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысанның бұзылып жатқанын хабарлады.

Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Сот шешімімен аталған нысан заңсыз деп танылған. Бұған дейін меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша іс материалдары Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Соның негізінде әкімшілік шаралар қабылданды.

Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

— Сот қаулысына сәйкес, меншік иесі кафеге заңсыз тұрғызылған екі қабатты қосалқы құрылысты бұзуға міндеттеліп, қайтадан әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Алматы қалалық сотының биылғы 8 қаңтардағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, — деп хабарлады ведомстводан.

Алматыда заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, Алматыда ұзаққа созылған сот процесінен кейін 4 қабатты ғимарат бұзылатын болды.

Соңғы жаңалықтар