Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының Асқартау шағын ауданы Жансая көшесінде заңсыз салынған екі қабатты таунхаус бұзылып жатыр.

Алматыда заңсыз салынған таунхаус бұзылып жатыр
Фото: Алматы әкімдігінен

Қала құрылысын бақылау басқармасынан хабарлағандай, меншік иесіне рұқсат құжаттарының толық болмауына байланысты әкімшілік шара қабылданып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

— Оның мерзімі аяқталғаннан кейін басқарма Бостандық аудандық сотына бұзуға талап арыз түсірді. Сот қаулысымен бірінші сатыдағы бұзу туралы шешім өзгеріссіз қалды. Кейін Әділет департаментінде атқарушылық іс қозғалды, — деп атап өтті әкімдіктен.

Нысанды бұзу сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Осыған дейін Алматыда мемлекеттік қордың жерінде заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысандарын бөлшектеу жұмыстары жүріп жатқаны туралы жазған едік

Алматыда соңғы екі жылда 65 заңсыз нысан, оның ішінде тұрғын үй кешендері толығымен немесе ішінара бұзылды

Соңғы жаңалықтар