Алматыда заңсыз сауда нысандары бұзылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Розыбакиев көшесі, 53 мекенжайында рұқсатсыз салынған тұрғын емес нысанға қосалқы құрылыс анықталды.

Алматыда заңсыз сауда нысандары бұзылды
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасы мәлімдеді. Басқарма инспекторлары жүргізген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде нысан иесі өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

— Заңсыз салынған құрылыс толықтай өз күшімен бұзылды, — делінген хабарламада. 

Басқарманың мәліметінше, қалада заңсыз құрылыс фактілерін анықтау және оның жолын кесу жұмыстары күшейтілген.

Еске салайық, Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз 4 қабатты ғимарат салғаны анықтаған еді.  

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, сотқа талап арыз берілді. Ұзаққа созылған сот процестерінің нәтижесінде апелляциялық сот алқасы заңсыз салынған нысанды бұзу туралы қаулы шығарды.

Ал оның алдында Розыбакиев көшесі, 166 мекенжайында орналасқан дәмхананың заңсыз салынған жазғы террасасы бұзылып жатқанын жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар