Алматыда жалпы су пайдалану қағидалары өзгерді: нені білу қажет

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXХІI сессиясы өтті.

Алматыда жалпы су пайдалану қағидалары өзгерді
Фото: Алматы мәслихаты

Сессия барысында жаңартылған су кодексіне сәйкес әзірленген Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидалары бекітілді. Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Мирас Гайсиннің айтуынша, құжат тұрғындардың су айдындарына еркін қол жеткізуін, қоршаған ортаны қорғауды және санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

- Азаматтардың су айдындарына туризм, демалыс және балық аулау үшін кедергісіз қол жеткізу құқығын көздейтін қоғамдық су сервитуты қағидаты бекітілді. Ортақ су пайдаланудың әкімшілік институты енгізілді. Ол су айдындарында ескерту белгілерін орнату, халықты ақпараттандыруға жауапты болады, - деді Мирас Гайсин.

Сонымен қатар жаңа қағида бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатқан, қоршаулар орнатылған не арнайы белгілер қойылған жерлерде шомылуға тыйым салынады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әкімдігі Сайран көліндегі тыйымға қатысты түсініктеме берді.

 

Соңғы жаңалықтар