Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — 22 қарашадан бастап Алматы қаласында жаңа автобус бағыты іске қосылады.
Алматы көлік холдингінің мәліметінше, № 84 маршрут Мөңке би — Бауыржан Момышұлы — Райымбек батыр — Оңғарсынова көшелері бойынша жүретін болады.
— Екі бағытта 6 автобус 20 минут аралығымен қатынайтын болады, — деп хабарлады холдинг.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда № 101 бағытын екіге бөлу арқылы жаңа автобус маршруты ұйымдастырылды. «Автопарк — Арман автобекеті» бағытындағы № 101 маршрутқа үлкен сыйымдылықтағы 14 автобус қызмет көрсетіп жүр. Ал «Хейлибери мектебі — Арман автобекеті» бағытындағы № 64 маршрут таулы аймақтарға арналған 8 шағын автобуспен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ BRT желісінің құрылысы аяқталған соң, Желтоқсан көшесімен екі бағытта жаңа автобус бағыттары жүретінін жазғанбыз.