Алматыда Жаңа жылда қоғамдық көлік қалай жүреді
Мегаполисте автобустар, троллейбустар мен метро 31 желтоқсан мен 2 қаңтарды қоса алғанда әдеттегідей режимде – 6:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazinform.

Қалалық көлік холдингінің мәліметінше, жылда мереке күндері Алматыда жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Мысалы, 2022-2023 жылдары жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көлікпен 300 мың адам жүрсе, жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.
Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:
30 және 31 желтоқсанда және 2 қаңтарда – штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін жүреді. Қоғамдық көліктің 80%-ы жолға шығады.
2024 жылдың 1 қаңтарында жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50% желіге шығады.
Медеуге баратын №12 маршрут жылжымалы құрамының 20 бірлігі желіге шығады және демалыс күннің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейді.
Ал, №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.
Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейді, қозғалыс аралығы - 12 минут.