Алматыда мереке күндері қанша қылмыс тіркелді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жаңажылдық мереке күндері тыныш өтіп, оқыс оқиға болған жоқ. Бұл туралы Алматы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов айтты.

Жаңа жыл қарсаңында полиция күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: ІІМ

Оның мәліметінше, қалада 15 желтоқсаннан бастап жеке құрам күшейтілген. Адам көп жиналатын орындарға – алаңдарға, саябақтарға, жаңажылдық және мәдени-бұқаралық іс-шара өтетін жерлерге тәртіп сақшылары көп назар аударды.

Қаланың негізгі алаңдарында орнатылған барлық жаңажылдық шырша мен оларға іргелес аумақ полицияның тұрақты бақылауында болды. Мереке күндері жаяу және автосақшылар жағы күшейтіліп, сақшылардың қосымша күштері, учаскелік инспекторлар мен мамандандырылған бөлімшелердің экипаждары тынбай жұмыс істеді.

1-4 қаңтар аралығында Алматыда 45 қылмыс тіркелді. Олардың 32-сі патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлардың күшімен «ізі суымай» жатып ашылды. Сонымен қатар қоғамда дүрбелең тудыруы мүмкін аса ауыр қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

Бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық және отбасылық-тұрмыстық жанжал сияқты негізінен мереке күндері жиілеп кететін құқық бұзушылық көп тіркелген. Барлық хабарламаға полиция дер кезінде назар аударған.

– Бұзақылық, сондай-ақ тұрмыстық және отбасылық-тұрмыстық жанжал сияқты негізінен мереке күндері жиілеп кететін құқық бұзушылық көп тіркелген. Барлық хабарламаға полиция дер кезінде назар аударды. Осы күндері қылмыстың алдын алуға көп көңіл бөлінді. Полицияның көшені, тұрғылықты жерлер мен қоғамдық кеңістіктерді барлап жүргені қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауға ықпал етті, - дейді Айтан Елеусізов.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда Жаңа жыл қарсаңында полиция жасақтарының саны артқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар