Алматыда жас ана сәбиін алып, үйінен кетіп қалған

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік полицейлері іздеуде жүрген жас ананы сәбиімен бірге аман-есен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

ана мен бала
Фото: pixabay.com

Алматыда 6 желтоқсанда 20 жастағы жас ана сәбиін алып, үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол ата-анасымен бірге тұратын үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, оны іздестіруін сұраған. Хабар түсе салысымен көлік полицейлері дереу іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

— 7 желтоқсан күні Ақтау қаласы әуежайын патрульдеу кезінде желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жоғалған әйел мен оның сәбиін анықтады. Екеуі де аман-есен табылып, жеке басы тексерілгеннен кейін ата-анасының қолына тапсырылды, — делінген хабарламада.

Жас ананың ата-анасы көлік полицейлеріне дер кезінде көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді. Қазір жас ана мен сәбиінің жағдайы жақсы.

Еске салсақ, бүгін Алматыда автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған күдікті ұсталғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум