01:10, 04 Сәуір 2024 | GMT +5
Алматыда жас жігітке әлімжеттік жасаған күдікті ұсталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Алматы қаласында ер адамның жас жігітті соққыға жыққаны туралы видео тарады.

Видеодағы жазбада кінәлілер ұсталып, полицияға жеткізілгені хабарланған.
Алматы қалалық полиция департаменті күш қолдану арқылы озбырлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Күдікті анықталып, ұсталды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр» деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.