Алматыда жасырын аудио жазуға арналған қалам сатқан тұрғын ұсталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда заңсыз құралдарды сатумен айналысқан тұрғын ұсталды.

аудио жазуға арналған қалам
Фото: Алматы полициясы

Күдікті - 42 жастағы ер адам. Алматы полициясы оны «Antifraud» республикалық іс-шарасы аясында ұстаған.

- Жедел іс-шаралар нәтижесінде аудиожазбаларды жасырын алу үшін арнайы техникалық құрылғыны сату әрекеті анықталды. Тұрғын ұсталғанға дейін автоқалам түріндегі тыңшылық құрылғыны сатқан. Жетісу аудандық полиция басқармасында ақпаратты жасырын алу үшін арнайы техникалық құралдарды заңсыз өндіру, дайындау, алу, өткізу немесе пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді қалалық киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Анес Қалдыбаев.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жасөспірімді қорқытып, бопсалағандар ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар