Алматыда жастар арасында жанжал болып, бірінен Калашников автоматы тәркіленді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бір топ адамның арасында жанжал болды.

полиция
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Сайран көлінің маңындағы мейрамхана жанында болған. Алматы полициясы жастар арасындағы топтық жанжалды Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері дер кезінде тоқтатқанын хабарлады.

— Жедел түрде алынған ақпараттың арқасында әрекеттер дер кезінде тоқтатылды. Барлық қатысушылар анықталды және ұсталды. Тінту барысында қатысушылардың бірінен сыртқы пішіні Калашников автоматына ұқсас макет табылып, тәркіленді. Аталған зат айналадағы адамдар үшін қауіп төндірмейді, — деп хабарлады полициядан.

Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу нәтижесі бойынша шешім қабылданатын болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жолаушылар автобус ішінде жанжал шығарғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар