Алматыда жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтерілуі мүмкін
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ауа райының жылынуы және жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін.
«Орташа тәуліктік температураның жоғарылауы мен жауын-шашын болжамына байланысты 6-8 сәуір аралығында таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде. Осыған байланысты Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда су тасқыны болуы мүмкін», - деп ескертті Алматы қалалық ТЖД-да.
Сондай-ақ ТЖД-да тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін ескертті.
Еске салсақ, Алматы әкімдігі үйден шығатын қоқыстарды қалада бейберекет шашатындардың жауапқа тартылатынын ескерткен еді.
Сондай-ақ жауын-шашыннан соң Алматыда 1 тоннаға жуық қоқыс пен лай сыртқа шығарылғанын хабарлағанбыз.