Алматыда жазда күн 40 градусқа дейін ысиды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Қазгидромет» өкілі Алматыда биыл жаз қандай болатынын айтты.

- Биыл жазда күн аса қатты ыстық болмайды. Дегенмен кейбір күндері ауа температурасы + 33 + 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, кейде тіпті + 40 градусқа дейін баруы ықтимал, - деді «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.
Сондай-ақ синоптиктер нөсер жауын жаууы мүмкін екенін де болжап отыр.
- Ұзақ уақыт күн ашық әрі жауын-шашынсыз болуы да мүмкін, - деп нақтылады Аружан Мұратова.
Сонымен қатар синоптиктер сәуірдегі орташа температура +13,1 градус болады деп болжайды, бұл қалыпты нормадан бір градусқа жоғары. Жауын-шашынның жалпы мөлшері де нормадан асады (112 мм). Сәуір айының басында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Айдың басында көктайғақ болады деп болжанып отыр, ал желдің жылдамыдығы 15-20 м/с болмақ.
Еске салайық, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.