Алматыда жеке үйлердің қоршауын сырлауға тегін бояу беріледі
АЛМАТЫ. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Алматыда «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды сырла» акциясы өткізіледі.

Науқан үй маңындағы аумақтардың эстетикалық көрінісін және жеке тұрғын үйлердің қоршауларын жақсартуға бағытталған. Оған Алматы қаласының барлық тұрғыны қатыса алады.
— Тегін бояуды алу үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жүгіну қажет. Бояу мөлшері шектеулі — бір қатысушыға 2 кг. Тұрғындарға қоршауларды, қақпаларды, орындықтар мен арбаларды бояуға арналған тегін бояулар мен еріткіштер беріледі, - деп хабарлады әкімдіктен.

Бояу материалын келесі мекенжай бойынша алуға болады:
— Алатау ауданы — Веселов көшесі, 18 «А»;
— Алмалы ауданы — Төле би көшесі, 67;
— Әуезов ауданы — «Мамыр-1» шағын ауданы, 26/1;
— Бостандық ауданы — Тәжібаев көшесі, 155 «А»;
— Жетісу ауданы — Тихов көшесі, 87 «А»;
— Медеу ауданы — Пушкин көшесі, 72
— Наурызбай ауданы — Байсұлтанов көшесі ½;
— Түрксіб ауданы — Шолохов көшесі, 9.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қуараған ағаштарды кесу неліктен ұзаққа созылатынын жазған едік.