Алматыда Желтоқсан көшесінің бөлігі 1 күнге жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Желтоқсан көшесінде BRT желісінің құрылыс-монтаждау жұмысының жүргізілуіне байланысты 24 маусым күні сағат 08.00-ден 22.00-ге дейін Шевченко көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс уақытша жабылады. Бұл аумақты Абылай хан даңғылы мен Наурызбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады.

- Жөндеу жұмысы жүргізілетін учаскеге ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, 31 мамырдан 20 шілдеге дейін Бөгенбай батыр көшесінің бір бөлігі, 31 мамырдан 30 маусымға дейін Түрксіб ауданында Котельников көшесінің бір бөлігі жабылды.
Сондай-ақ 1 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Сәтпаев көшесімен Масанчи көшесінен бастап Байтұрсынов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектелді. 2 маусымнан бастап 20 тамызға дейін Ғабдуллин көшесінде Римский-Корсаков көшесінен бастап Нахимов көшесіне дейін екі бағытта қозғалыс шектелді.
Одан бөлек Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі 1 айға жуық жабылды.