Алматыда жер сілкінісінің күші 4 балға жуықтады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматылықтар жер дүмпуін сезінді.
Алматыда жер сілкінісі сезілді. ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС мәліметінше, жер дүмпуі Астана уақыты бойынша сағат 09:38:07 тіркелді.
Қашықтық: 8.0 км.
Бағыт: Оңтүстік-батыс
Есептік қарқындылығы:
Алматы қаласы 6 км 3-4 б;
Қарасай (Қаскелең) 18.0 км 2-3 б;
Боралдай ауылы 19.0 км 2-3 б;
Өтеген Батыр ауылы 28.0 км 2 б.
Сондай-ақ қала тұрғындарының ұялы телефондарына ескерту жіберілді.
— Назар аударыңыз! Қарқындылықпен жер сілкінісі болды. Келесі нұсқауларға дейін ашық кеңістікте болыңыз! Ғимараттың зақымдануы немесе өртене бастауы анықталған жағдайда төтенше жағдайлар депараментінің жедел желісіне телефон арқылы хабарлауыңызды сұраймыз (279-22-32). Егер Сіз ғимаратта қалып қойған болсаңыз, сабырлық сақтаңыз, сенім телефон арқылы орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз! Қосымша ақпараттар ТЖД мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде, — делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды. Бірақ Алматыда сезілмегені айтылды.