Алматыда жігіттермен онлайн танысқан қыз екі сыбайласымен бірге оларды тонаған

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда ер азаматтарды тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды.

Алматыда жігіттермен онлайн танысқан қыз екі сыбайласымен бірге оларды тонаған
Фото: Алматы полициясы

Қалалық полиция депараментінің мәліметінше, екі ер адам мен бір қыз күдікті ретінде ұсталды. Қыз ер адаммен онлайн танысып, оны үйіне шақырған. Әңгіме барысында қыздың таныстары келіп, жәбірленушіні қорқытып, оның жеке заттарын тартып алып, оқиға орнынан жасырынған.

Алматыда жігіттермен онлайн танысқан қыз екі сыбайласымен бірге оларды тонаған
Фото: Алматы полициясы

- Күдіктілер ізін суытпай ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мұндай қылмыстық тізбек бұған дейін де қаланың басқа аудандарында тіркелген. Азаматтарды интернет арқылы танысу кезінде, әсіресе алғашқы кездесулерде, аса мұқият болуға шақырамыз, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Еске салайық, бұған дейін ІІМ адам саудасына қатысы бар екі қылмыстық топты құрықтады.

Соңғы жаңалықтар