Алматыда жыл соңына дейін жәрмеңкелер аптасына 3 рет өтеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Әуезов және Бостандық аудандарында демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер үш күндік жұмыс форматына көшеді. 

Алматыда жыл соңына дейін жәрмеңкелер аптасына 3 рет өтеді
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жаңа жылға дейін ауыл жәрмеңкелері кеңейтілген форматта — жұма, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.

— Үш күндік жұмыс режиміне көшу қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы уақытта мыңнан астам өнім түрін, оның ішінде көкөніс, жеміс-жидек, ет және сүт өнімін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл мереке күндері қарсаңында маңызды, — деп хабарлады әкімдіктен.

Қаланың басқа ауданында жәрмеңкелер бұрынғыдай екі күндік форматта жұмысын жалғастырады. Жәрмеңкелер өтетін мекенжайлар:

* Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
* Бостандық ауданы — «Қазақфильм» шағынауданы (Әл-Фараби даңғылынан жоғары);
* Алмалы ауданы — Масанчи көшесі (Әйтеке би және Гоголь көшелерінің арасы);
* Алмалы ауданы — Жамбыл және Әуезов көшелерінің қиылысы;
* Медеу ауданы — Меңдіқұлов бульвары — Бектұров көшесі;
* Жетісу ауданы — «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 2.

Жыл басынан бері жәрмеңкелер арқылы жалпы көлемі 8,8 мың тоннадан астам азық-түлік өнімі сатылған.

Еске салайық, бұған дейін елордада кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар