Алматыда жылыту маусымы қашан аяқталады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қандай жағдайда аяқталатынын мәлім етті.

Алматы
Фото: Kazinform

«Жылыту маусымы уәкілетті органның қаулысы бойынша Алматы қаласының жылыту маусымына дайындық және өту қағидаларына сәйкес, ұзақ мерзімді болжамды ескере отырып, ұзақ уақыт бойы сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8° және одан жоғары болған кезде аяқталады. Қаулы шыққан соң жылу беру тоқтатылады», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісін ұрған жолаушының соты тағы кейінге қалғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар