Алматыда жылыту маусымы қашан басталады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы әкімдігі мегаполисте жылыту маусымы қашан басталатынын хабарлады. Өткен жылы Алматыда 10 қазаннан бастап жылу берілген болатын.
– Жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу қала аумағында ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы 5 тәулік бойы +8°С және одан төмен болған кезде уәкілетті органның қаулысы негізінде басталады, - деп хабарлады әкімдіктен.
Айта кеткен жөн, қала ғимараттарына төмендегі рет бойынша жылу беріледі:
– мектеп, емхана және медициналық-әлеуметтік мекемелер;
– тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
– әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
– басқа ғимараттар.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қала күнінде қайда баруға болатынын жазғанбыз.