Алматыда жылу желілерін жаңарту жұмыстары басталды: қандай көшелер қамтылмақ
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жылу желілерін жаңарту жұмыстары 59 учаскеде жүргізіледі.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада жаңа жылыту маусымына дейін 39 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр. Бұл жылумен қамтамасыз етудің сапасын жақсартып, қысқы уақытта апат туындау қаупін азайтады.
Желілерді ауыстыру жүріп жатқан жерлерде ыстық су уақытша схема бойынша беріледі.
Жылу желілері жөнделетін көшелер:
* Жароков (Дунаевский — Қожанов);
* Байқадамов (Радостов — Шопен);
* Янушкевич (Бәйішев — Хамиди);
* Тоқмақ (Уәлиханов — Пушкин);
* Ақан сері (165/1 үй — 159 үй);
* Мұратбаев / Қарасай батыр;
* Қарасай батыр (Уәлиханов — Қонаев);
* Сәтбаев (Байтұрсынов — Масаншы);
* Бұқар жырау (Байтұрсынов — Марков);
* Әшімов, 20Б;
* Айманов / Бөгенбай батыр;
* Әйтиев (Бөгенбай батыр — Төле би);
* Римский — Корсаков (Ғабдуллин — Бұқар жырау);
* Ғабдуллин (Римский-Корсаков — Нахимов).
Еске салайық, бұған дейін 1 маусымда Алматыда жол жөндеу жұмысы басталатынын жаздық