Алматыда жылу желілерінің 63 пайызы тозған
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр.

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, 2024 жылы қалада 20 шақырым жылумен жабдықтау желілері, 220 шақырым электрмен жабдықтау желілері жаңартылып, 85 қазандық қайта құрылды. Бұл шаралар жылу беру тиімділігін арттырды.

Биыл ауқымды міндеттер жоспарланған. Атап айтқанда, 40 км жылумен жабдықтау желілерін және 240 км электрмен жабдықтау желілерін жаңғырту, сондай-ақ 21 қазандықты қайта жаңарту жоспарланған. Қабылданатын шаралар инфрақұрылымның тозуын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
— 2024-2025 жылдары жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 3,8%-ға төмендеп, 54,1% болса, электрмен жабдықтау желілерінің тозуы 1,7%-ға азайып, 63,3%-ға жетеді.

Осыған дейін Алматының Бостандық ауданына қарасты Назарбаев даңғылы бойында жылу құбыры жарылғаны туралы жазған едік.