Алматыда жылу жүйелері жөнделген 25 нысан қайта абаттандырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлады.

Алматы көшелерінде ауқымды тазалық жұмыстары жүріп жатыр
Фото: Алматы әкімдігі

Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған 10 аймақ қалпына келтірілмек. Жұмысты 2025 жылы 22 қыркүйекке дейін аяқтау көзделген. Мекенжайлар:

- Желтоқсан – Абылай хан – Қарасай батыр – Бөгенбай батыр;

- Чайковский – Желтоқсан – Қарасай батыр – Бөгенбай батыр;

- Панфилов – Байсейітова – Жібек жолы – Гоголь;

- Қатаев – Жандосов – Солодовников – Гагарин;

- Төле би – Чокин – Қазыбек би – Исаев;

- Шевченко – Қожамқұлов – Жамбыл – Шагабутдинов;

- Жамбыл көшесі, 205; Жароков көшесі, 39/1;

- Жароков көшесі, 16;

- Уәлиханов – Пушкин – Гоголь – Жібек жолы;

- Қонаев – Уәлиханов – Қабанбай батыр – Қарасай батыр.

Одан бөлек құрылыс-монтаждау жұмыстары 15 нысанда аяқталу сатысында. Жоспар бойынша олардың да жұмыстары 2025 жылғы 25 қыркүйекке дейін тәмамдалады.

Мекенжайлар:

- Кәрімов – Васнецов – Бруно – Аносов – Бөгенбай;

- Сәтбаев – Наурызбай батыр – Тимирязев – Желтоқсан;

- Айманов көшесі, 70; Жароков көшесі, 39/2;

- Мақатаев – Қашғар – Жібек жолы – Масаншы;

- Гоголь – Мұратбаев – Әйтеке би – Қожамқұлов;

- Мәметова – Жүргенов – Пушкин – Нүсіпбеков;

- Панфилов – Назарбаев – Жібек жолы – Мақатаев;

- Досмұхамедов – Жібек жолы – Байтұрсынов – Гоголь;

- Байсейітова – Панфилов – Жібек жолы – Мақатаев;

- Исаев – Қазыбек би – Чокин – Әйтеке би;

- Саин – Момышұлы – Ұлықбек – Абай;

- Сәтбаев – Мүсірепов – Бұқар жырау – Байзақов;

- «Айнабұлақ-1» шағын ауданы (РТҚ-36С-2-ден МЖД 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 дейінгі аралық);

- «Алтай» шағын ауданы, Монтажная көшесі;

- Сейфуллин – Котельников – Ақан сері, Котельников көшесі, Варшава өткелі.

- Ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмыс мерзімі ұзартылуы мүмкін. Барлық аумақ қала қызметтерінің бақылауында, - деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Еске салайық, бұған дейін электр және жылу желілерін диагностикалауға арналған ЖИ енгізіліп жатқанын жазғанбыз.

 

Соңғы жаңалықтар