Алматыда жол апатынан 23 адам зардап шекті: науқастардың жағдайы белгілі болды
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 23 адап зардап шекті.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 4 бала №2 балалар ауруханасына, 7 ересек адам №7 Қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.
— Тексеруден және қажетті медициналық көмек көрсетуден кейін олардың барлығы амбулаториялық емделуге жіберілді. Қалған зардап шеккендер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлады басқармадан.
Ал Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының мәліметіне сәйкес, аурухананың қабылдау бөлмесіне 12 адам келіп түскен. Науқастардың жағдайы орташа ауырлықтағы және қанағаттанарлық деп бағаланған.
— Барлық зардап шеккендерді дәрігерлер қарады, содан кейін олар тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді, — делінген емхана жауабында.
Еске салайық, кеше Алатау ауданында жүк көлігі 3 жеңіл көлікпен және автобуспен соқтығысты.